Logo

Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Дүниежүзілік сайлау күніне орай өткізген іс-шаралары

Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту аясында Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының аумақтық сайлау комиссиясы бекітілген қалалық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 2-3 ақпан аралығында жас сайлаушылармен кездесулер өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының АСК 2022 жылғы 2 ақпанда Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенттерімен (22 адам) «Сенің сайлау құқығың» тақырыбында семинар-тренинг өткізді, модераторлар – АСК төрағасының орынбасары А. Боданов, № 186 УСК төрағасы Е. Байділдин мен № 189 УСК төрағасы Ө. Жүнісбеков болды. Семинарда төраға орынбасары А.Н. Боданов «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының негізгі ерекшеліктерін, сайлау процесінің негізгі қағидаларын түсіндірді. Студенттер белсенді қатысып, сұрақтарына жауап алды, өздері де білімдерімен сұрақтарға жауап беру барысында бөлісіп өтті. Семинар-тренинг соңында барлық қатысушыларға семинарды табысты аяқтағанын растайтын сертификаттар мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы кітаптары естелік сыйлық ретінде табыс етілді.

  • жылғы 3 ақпан күні шара өз жалғасын тауып, онлайн-платформада колледж студенттерімен «Бұл Палата сайлауға қатысуды міндетті етеді» тақырыбында онлайн-дебат ұйымдастырылды, модератор – АСК төраға орынбасары А. Боданов.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласының

«Сарыарқа» ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

төрағасының орынбасары                                                     А. Боданов

Дата публикации
04 февраля 2022
Дата обновления
04 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы