Logo

Меню

Страницы

Статья

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2020 жылға арналған жоспарлау деңгейіндегі (2 нақтылау) азаматтық бюджеті

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - аппарат) 2020 жылға арналған бюджеттіне «Нұр-Сұлтан қаласының                 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 456/58-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 492/65-VI шешіміне сәйкес келесі өзгерістер енгізілді.

Аппарат сегіз бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады:

  1. «Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы;
  2. «Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы;
  3. «Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар» 010 бағдарламасы;
  4. «Аумақтық қорғанысты дайындау мен республикалық маңызы бар  қаланың, астананың   аумақтық қорғанысы» 011 бағдарламасы;
  5. «Жұмылдыру дайындығы  және республикалық маңызы бар  қаланың, астананы жұмылдыру» 012 бағдарламасы;
  6. «Республикалық маңызы бар қала, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету» 013 бағдарламасы;
  7. «Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  ауқымындағы  төтенше  жағдайдың алдын алу мен  жою» 014 бағдарламасы;
  8. «Сайлау процесінің қатысушыларды оқыту» 019 бағдарламасы.

2020 жылға арналған аппараттың бюджеті 3 464 083,0 мың теңге сомасында келесі бағдарламалар бойынша бекітілді:

«Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» 001 бағдарламасы бойынша 2020 жылға 1 477 977,0 мың теңге қарастырылған. Берілген бағдарламада                Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппаратын ұстауға және оны қамтамасыз етуіне байланысты шығындар, яғни  жалақы, кеңсе тауарлары мен компьютерлік техникаға керек-жарақтарды сатып алу, байланыс және Интернет қызметтері үшін ақы төлеу, ғимаратты жалға алу, компьютерлік техникаға техникалық қызмет көрсету, антивирустық бағдарламаларды жаңарту және баспа қызметтері сияқты түрлерге бөлінеді.

Осы бағдарламаның тура нәтиже  көрсеткіштері:

№ р/к

Тура нәтиже  көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2020 жылғы жоспары

1

Штат санының шегінде жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аппаратын ұстау

Штат бірлігі

97

2

Әкімшілік қызметкерлердің бірліктілігін арттыру бойынша оқыту

бірлік

131

3

Мемлекеттік қызметке  алғаш қабылданған әкімшілік қызметкерлерін оқыту

бірлік

76

4

Басшылық қызметке алғаш тағайындалған әкімшілік қызметкерлерін оқыту

бірлік

8

 

5

Өткізілген іс-шаралар саны

бірлік

2

6

Ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқытылған қызметкерлер саны

бірлік

934

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: әкім аппаратына жүктелген  міндеттерді орындау, қызметкерлердің  кәсіби деңгейін арттыру.

«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» 003 бағдарламасы бойынша 2020 жылға 45 813,0 мың теңге қарастырылған. Осы бағдарлама бойынша құрылғы персоналын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге байланысты шығындар ескеріледі: компьютерлік және оргтехника, бағдарламалық қамтамасыз ету және басқа да негізгі құралдарды сатып алу шығындары.

2020 жылға осы бағдарламаның тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері:

№ р/к

Тура нәтиже  көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2020 жылғы жоспары

1

Сатып алынған компьютерлік техниканың саны

бірлік

26

2

Сатып алынған өзге құралдар саны

бірлік

13

Бағдарламаны іске асырудың түпкі нәтижесі – әкім аппаратының қажетті бағдарламалық және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру.

«Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шегіндегі іс-шаралар» 010 бағдарламасы бойынша 2020 жылға 286 784,0 мың теңге қарастырылған.

Бұл бағдарламада әскери-шақыру пунктісін қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету, дәрі-дәрмек, құрал, өртке қарсы қорғаныс және экономикалық мүлікті, автокөлік құралдарын, сондай-ақ байланыс және қорғау құралдарын жабдықтауға бағытталған шығындар есепке алынады.

2020 жылға бағдарламаның тура нәтиже  көрсеткіштері:

№ р/к

Тура нәтиже көрсеткіштері

 

Өлшем бірлігі

2020 жылғы жоспары

1

Штат саны

            дана

118

2

Сатып алынған кеңсе жиһаздарының саны

дана

271

3

Сатып алынған компьютерлік техниканың саны

дана

110

4

Сатып алынған басқа жабдықтардың саны

дана

22

5

Сатып алынған антивирустық бағдарламалар саны

дана

8

6

Сатып алынған дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың саны

дана

2400

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: 2020 жылы әскери қызметке шақырылған азаматтардың саны - 2400 адам, 2021 жылы - 2400 адам және 2022 жылы - 2400 адам.

«Республикалық маңызы бар қала, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» 013 бағдарламасы бойынша 2020 жылға 212 286,0 мың теңге қарастырылған. Бұл бағдарлама Ассамблея қызметін қамтамасыз ету, Қазақстан халқы Ассмаблеясы міндеттерін орындауға бағытталған этно-мәдени және басқа да қоғамдық бірлескен мекемелерді қолдауды ұйымдастыру бойынша шығындарды ескереді.

2020 жылға бағдарламаның тура нәтиже  көрсеткіштері:

№ р/к

Тура нәтиже көрсеткіштері

 

Өлшем бірлігі

2020 жылғы жоспары

1.

Штат саны

Штат бірлігі

51

2.

Штат саны

Штаттан тыс бірлігі

25

3.

Заттай мүлік заттарын және басқа формалық және арнайы киім сатып алу

бірлік

60

4.

Өзге жабдықтар саны

дана

20

5.

Сатып алынған кеңсе жиһазының саны

бірлік

94

6.

Өткізілген іс-шаралар саны

 

іс-шара

17

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты бағалаған халық үлесінің артуы.

019 «Сайлау процесінің қатысушыларды оқыту» бағдарламасы бойынша 2020 жылға 3 298,0 мың теңге қарастырылған. Бұл бағдарлама бойынша сайлау процесіне қатысушылардың сайлау және құқықтық мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ сайлау алдындағы дайындық саласындағы жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыру мақсатында жергілікті бюджет қаражатын тарта отырып, сайлау процесіне қатысушыларға сайлауды оқыту жүргізіледі.

2020 жылға бағдарламаның тура нәтиже  көрсеткіштері:

№ р/к

Тура нәтиже көрсеткіштері

 

Өлшем бірлігі

2020 жылғы жоспары

1.

Сайлау комиссияларының оқытылған мүшелерінің саны

бірлік

120

Бағдарламаның соңғы нәтижесі: жас сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың сайлау науқандарына белсенді және хабардар болуын қамтамасыз ету, сайлау жүйесі мен сайлау институтына деген сенім деңгейін арттыру.

«Аумақтық қорғанысты дайындау мен республикалық маңызы бар  қаланың, астананың   аумақтық қорғанысы» 011, «Жұмылдыру дайындығы  және республикалық маңызы бар  қаланың, астананы жұмылдыру» 012 және «Республикалық маңызы бар  қаланың, астананың  ауқымындағы  төтенше  жағдайдың алдын алу мен  жою» 014 бағдарламалар туралы ақпарат құпия болып табылады және жариялануға жатпайды.

Дата публикации
24 июня 2020
Дата обновления
24 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы