
2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (бұдан әрі – ӘРПК) және ҚР әртүрлі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заңға қол қойды.
ӘРПК 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Осы күннен бастап қолданыстағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңдары күшін жояды. Сонымен қатар ҚР АІЖК-нің бірқатар нормалары, соның ішінде 27-29-тараулары, басқа да кодекстер мен заңдардың нормалары өз қолданысын тоқтатады.
Жаңа кодекс әкімшілік рәсімдерді, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ қоғамдық құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу тәртібін реттейтін айтарлықтай бірегей заңнамалық акт болып табылады. Бұрын Қазақстанда мұндай кодекс болған емес.
ӘРПК сәйкес әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу бірыңғай қағидаттар негізінде жүзеге асырылатын болады, олардың арасында мыналар ерекше назар аударады:
Әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде талапкерлер сотқа талап қоюдың мынадай түрлерімен жүгіне алады:
- әкімшілік актіні толығымен немесе оның бір бөлігін алып тастау талабымен дау айту туралы талап;
- әкімшілік органның, лауазымды адамның әрекетсіздігі себебінен қабылдаудан бас тартылған не қабылданбаған, қолайлы әкімшілік актіні қабылдауды талап етуді мәжбүрлеу туралы талап;
- әкімшілік актіні қабылдауға бағытталмаған белгілі бір іс-әрекеттер жасауды немесе осындай іс-әрекеттерден бас тартуды талап ету туралы талап;
- қандай да бір құқықтық қатынастардың болуын немесе болмауын тануды талап ете алатын тану туралы талап.
Әкімшілік істерді мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттар қарайтын болады. Кейбір санаттар ҚР Жоғарғы Соты және бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша қаралатын Нұр-Сұлтан қаласының сотымен қарастырылады.
ӘРПК қабылдау мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдармен дауларды қарау барысында, жоғары тұрған органдарда және соттарда істерді қарау барысында азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғау кепілдіктерін бекітуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және сот жүйесіне жүктемені азайтуға әкеледі деп күтілуде.