Logo

Меню

Страницы

Статья

«Е-өтініш» ақпараттық жүйесі туралы

2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын жолдады. Онда азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленді.

Өтініштермен жұмыстың барлық процестерін цифрландыру келесіні  қамтамасыз етеді:

- өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтау;

- мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқарту;

- өтініш берушіні өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері туралы хабардар ету;

- мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасын қалыптастыру.

Сонымен қатар, «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жүйесін жүргізуге және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың жауаптары жүйелі талдаудан өткізіледі. Бұл  жазылымнан бас тарту фактілерінің жолын кесуге ықпал етеді және нақты салаларда өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін қалыптастырады.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға жүктемені азайту, типтік жағдайлар бойынша қағазбастылық пен төрешілдікті болдырмау мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы базасында «Нәтиже» орталығының жұмысы енгізілуде. Оның міндеті тек өтініштерді қабылдауда ғана емес, сондай-ақ жүйеде «білім базасын» пайдалана отырып немесе тиісті мемлекеттік органның жауапты қызметкерімен қашықтан қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен азаматтың мәселесін сол жерде шешілуін қайта өңдеу болып табылады. «Нәтиже» орталықтары бірінші кезекте түсіндіру сипатындағы барлық келіп түскен өтініштердің 50% - на дейін іріктей алады деп күтілуде. Сол арқылы азаматтардың мәселелерін жүгінген күні бірден шешу.

Мемлекеттік органдарды ақпараттық жүйеге қосу ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жоспарланып отыр.

Дата публикации
15 июля 2021
Дата обновления
15 июля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы