
2021 жылғы 1 шілдеде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (бұдан әрі — кодекс) күшіне енеді.
Кодекстің негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.
Хабарламаларды, ұсыныстарды, пікірлерді және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.
Кодексте, қазіргі уақытта қолданылып жүрген «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға қарағанда, өтінішті мемлекеттік органға келіп түскен сәттен бастап өтініш берушіге жауап жолдағанға дейінгі оны қарау процесінің барлық кезеңдері, сондай-ақ шағым жасаудың бүкіл рәсімі неғұрлым нақты регламенттелген.
Жаңашылдықтардың бірі-енді өтініш берушінің оның өтінішін қараудың әрбір кезеңіне, оның ішінде түпкілікті шешім қабылдауға қатысуға құқығы бар.
Әкімшілік істі оңайлатылған әкімшілік рәсімде қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірі шығарылады:
1) жауап, оның ішінде хабарламаның, ұсыныстың, жауаптың, сұрау салудың мәні бойынша ақпарат беру;
2) назарға алу;
3) оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтату.
Бұл ретте әкімшілік рәсімдер шеңберінде өтініштерді қарау мерзімі қолданыстағы заңнамаға қарағанда күнтізбелік 30 күнге дейін (объективті себептер бойынша 2 айдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен) 15 жұмыс күніне дейін қысқартылатын болады.
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңнан айырмашылығы, жаңа кодексте дауларды әкімшілік әділет тәртібімен шешу регламенттеледі, яғни өтініштерді әкімшілік органның немесе лауазымды адамның ғана емес, жоғары тұрған әкімшілік органдарға шағым жасау рәсімі де, сондай-ақ шағымдарды мемлекеттік соттардың кейіннен қарауы (әкімшілік сот ісін жүргізу) көзделген.