Logo

Меню

Страницы

Статья

Қаңғыбас жануарларды бақылау

Астана қаласы бойынша иттер мен мысықтарды аулауды
Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Астана ветсервис» КМК 4 бригадасы №1 қосымшада келтірілген аулау жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 2022 жылдың басынан елорда аумағында 5 616 жануар ауланды, оның ішінде 4 767 ит және 849 мысық.

Қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулауға өтініштер 109 iKomek мониторинг қызметі орталығынан және «Астана ветсервис» тікелей байланыс телефонына 8(7172)-28-59-70 келіп түседі. 2022 жылдың басынан 109 iKomek арқылы 3 498 өтініш келіп түсті.

Аулағаннан кейін жануарлар 10 күнге карантинге қойылады, клиникалық тексеру, чиптеу, вакцинациялау, сондай-ақ иесін іздеу жұмыстары жүргізіледі. Бұдан әрі Азаматтық кодекске сәйкес 60 күн ұсталады. 2022 жылдың басынан бастап жануарлардың иелеріне 30 бақылаусыз қалған ит қайтарылды.

Талап етілмеген қаңғыбас және қараусыз қалған жануарлар екі ай өткеннен кейін үшінші тұлғаға немесе панажайға күтіп-бағуға беріледі. «Астана ветсервис» пен «Стоп Отлов» жануарларды қорғау ұйымы арасында осындай жануарларды беру туралы меморандум жасалды. 2022 жылы 6 ит пен 104 мысық берілді (қалған қаңғыбас жануарлар зарарсыздандырылғаннан кейін беріледі).

Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында елорданың тұрғын үй алаптарын аралау кезінде 2022 жылы 7 209 бас ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды, сондай-ақ иесі бар жануарларды құтырмаға қарсы егу жүргізілді. 2022 жылы қала бюджетінен осы іс-шараларға 38 226 700 теңге бөлінді.

Елордада 2018 жылдан бастап қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу мақсатында үй жануарларын кастрациялау және стерилизациялау жүргізіледі. Ағымдағы жылы 40 002 225 теңге сомасына 2 060 жануарды
(1 135 ит және 925 мысық) стерилизациялау және кастрациялау жоспарлануда, қазіргі уақытта осы жұмыстарды жүргізуге конкурстық рәсімдер жүргізілуде.

Стерилизация шаралары аяқталғаннан кейін агрессивті емес қаңғыбас жануарларды олардың бұрынғы мекендеу орындарына қайтару жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, Астана қаласында қаңғыбас және қараусыз қалған жануарларды уақытша ұстауға арналған изолятор, сондай-ақ иттер мен мысықтарға арналған питомник бар. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша жаңа уақытша ұстау изоляторын салу үшін Қайнар және Баршын көшелерінің қиылысында (питомниктің жанында) жер учаскесі бөлінді. Иттер мен мысықтарға арналған ангарлар құрылысына 52 050 000 теңге бөлінді.

ұстау жоспары

Дата публикации
13 мая 2021
Дата обновления
13 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
20 октября 2026
Ақпараттық материалдар
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы