Logo

Меню

Страницы

Статья

Қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі Е.Б. Байкен мен Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Ғ. Бектемісованың «Сарыарқа» ауданының учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен, төраға орынбасарларымен және хатшыларымен кездесуі өтті

2020 жылғы 13 қарашада Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі  Е.Б. Байкен мен Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Ғ. Бектемісованың «Сарыарқа» ауданының учаскелік сайлау комиссияларының төрағаларымен, төраға орынбасарларымен және хатшыларымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Е.Б. Байкен ауданның ағымдағы жағдайы, сайлау комиссияларының өзекті мәселелерін атап өтті, аудандағы сайлау комиссиялары, коммуналдық және басқа да қызметтер алдына сайлауға дайындық пен оны жоғары деңгейде өткізу бойынша бірқатар міндеттер койыды. 

Б.Ғ. Бектемісова өз сөзінде 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шараларының күнтізбелік жоспарының шеңберінде өткізіліп жатқан жұмыстарға, сайлау комиссиялары мүшелерінің саяси партиялардың  байқаушыларымен өзара іс-қимылына, сайлау процесін ұйымдастырушыларын электоралды оқытуды жалғастыру қажеттілігіне тоқталып өтті. 

Ағымдағы жылы Электоралды оқытудың Жол картасы шеңберінде жаңадан тағайындалған 60-тан астам аудан және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қашықтықтан оқытумен қамтылып, оларға сертификаттар табыс етілді.

Аудандық сайлау комиссиясының атқарып жатқан жұмысы туралы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы З. Хазимуллина баяндады.

Сайлау жүйесінде жинақтаған білімі мен озық тәжірибесі бар В.В. Моторинның басшылығымен аудандық сайлау комиссиясының жанынан тәлімгерлік мектебі құрылды.

Дата публикации
13 ноября 2020
Дата обновления
13 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы