Logo

Меню

Страницы

Статья

БАҚ үшін

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар үшін сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлемақы мөлшері туралы мәліметтерді жариялау туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, сайлауалды үгітті жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен төлемақы мөлшері туралы мәліметтерді хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ оларды Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды.

Үгіт материалдарын орналастыру шарттары, төлемақы мөлшері туралы мәліметтерді келесі электрондық пошта мекенжайына жіберуге болады: tic_ast@saylau.kz.

Дата публикации
14 октября 2026
Дата обновления
14 октября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы