
11 тамызда ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров инспекциялық сапар аясында Астана қаласына барып, 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық барысымен танысты.
Сапар барысында ол сайлау учаскелері орналасқан мектептерді аралап, олардың дауыс беруге дайындығын тексерді. Атап айтқанда, №87 Абай Құнанбайұлы атындағы мектеп-гимназиядағы №100, №104 және №105 сайлау учаскелері, сондай-ақ №3 мектеп-гимназиядағы №323 сайлау учаскесі қаралды.
🔹 Астанада 520 сайлау учаскесі, оның ішінде 117 уақытша учаске дайындалды.
🔹 Сайлауды өткізуге 524 сайлау комиссиясы жұмылдырылады. Олардың құрамында 4 263 комиссия мүшесі бар.
🔹 Сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін 57 орын, ал үгіт материалдарын орналастыру үшін 85 стенд дайындалған.
🔹 Дауыс беру күні 30 шағын ХҚКО жұмыс істейді.
Сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 474 сайлау комиссиясының мүшесіне арналған оқыту семинары өтті. Қатысушылар дауыс беру күніндегі жұмыс тәртібін, сайлау құжаттарын рәсімдеуді және стандартты емес жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдерін қарастырды.
Кездесулер барысында азаматтарды ақпараттандыру, үйде дауыс беру, сайлау учаскесін анықтау, call-орталықтардың жұмысы және мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау процесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Елордада сайлауға дайындық белгіленген күнтізбелік жоспарға сәйкес жалғасуда.