Logo

Меню

Страницы

Статья

Астана қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне мониторинг жүргізілуде

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында Астана қаласында мүгедектігі бар адамдар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігіне мониторинг басталды.

Мониторингті мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмыс тобы Астана қаласының аумақтық және аудандық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен жүргізуде.

Астана қаласында 403 учаскелік сайлау комиссиясы құрылған және мониторинг барлық сайлау учаскелерінде жүргізіледі. Негізгі мақсат – барлық санаттағы сайлаушылар үшін тең және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету тұрғысынан сайлау учаскелерінің дауыс беруді ұйымдастыруға дайындығын бағалау.

Ерекше назар арнайы қолжетімділік жағдайларын қажет ететін мүгедектігі бар адамдардың үш санатына – тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру қабілеті бұзылған және есту қабілеті бұзылған азаматтарға қажетті жағдайлардың жасалуына аударылады. Мониторинг барысында кіреберіс топтарының қолжетімділігімен қатар, үй-жай ішінде өздігінен қозғалу мүмкіндігі, пандустардың, тұтқалардың, шақыру батырмаларының, тактильді бағыттағыштардың, қолжетімді дауыс беру кабиналарының, навигациялық элементтердің және кедергісіз ортаны қамтамасыз ететін басқа да құралдардың болуы бағаланады.

Мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы анықталған ескертулерді жою жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Ұсынымдар дауыс беру күніне дейін қажетті шараларды қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және сайлау учаскелері орналасқан объектілердің басшыларына жолданады.

Сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету – сайлауға дайындықтың басым бағыттарының бірі. Астана қаласының аумақтық және аудандық сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып, әрбір азаматтың сайлау құқықтарын іске асыруына қолайлы жағдай жасау жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Барлық 403 сайлау учаскесінде мониторинг жүргізу олардың дайындық деңгейін уақтылы бағалауға, қолданыстағы кедергілерді жоюға және сайлауды ашықтық, теңдік және барлық сайлаушылар үшін қолжетімділік қағидаттарына сәйкес өткізуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
10 августа 2026
Дата обновления
10 августа 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы