
Бүгін Аумақтық сайлау комиссиясында 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу барысын байқау мақсатында келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) миссиясының халықаралық байқаушыларымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері халықаралық байқаушыларды алдағы сайлауға дайындық жұмыстарының барысымен, учаскелік сайлау комиссияларының қызметімен және сайлау процесін ұйымдастырудың негізгі кезеңдерімен таныстырды.
Кездесу ашық әрі сындарлы жағдайда өтіп, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы, сайлау заңнамасының сақталуы, сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және сайлау процесіне деген қоғамдық сенімді арттыруға ықпал етеді.