Logo

Меню

Страницы

Статья

Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының өкілдерімен кездесу өтті

2026 жылғы 22 шілдеде Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) миссиясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында Миссия өкілдеріне аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының қызметі, сайлауға дайындық пен оны өткізудің күнтізбелік жоспарының іске асырылу барысы, сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығын, заңдылығын және айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастырушылық шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

Халықаралық байқаушылар сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін даярлау, байқаушылардың қызметі, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл және сайлау заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Қойылған барлық сұрақтарға Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының құзыреті шегінде тиісті түсіндірмелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сайлауға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша пікір алмасты. Кездесу сындарлы іскерлік жағдайда өтті. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы өкілдері тарапынан ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ.

Дата публикации
23 июля 2026
Дата обновления
23 июля 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы