Logo

Меню

Страницы

Статья

ЖК-ны қалай ашуға болады? ЖШС-ны қалай ашуға болады?

ЖК-ны қалай ашуға болады?

Жеке кәсіпкерлік (ЖК) – заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті өз бетінше жүзеге асыруды жоспарлаған азаматтарға арналған кәсіпкерлік нысаны.

ЖК-ны тіркеу үшін:

  1. Қызмет түрін, кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылатын мекенжайды және ЖК атауын айқындаңыз.
  2. Өзіңізге қолайлы салық салу режимін таңдаңыз.
  3. Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алыңыз.
  4. eLicense.kz порталынан «Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.
  5. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ арқылы қол қойып, онлайн түрде жолдаңыз.

Өтінім өңделгеннен кейін тіркеу туралы хабарлама жеке кабинетіңізге жіберіледі.

Назар аударыңыз! Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру үшін лицензия, рұқсат құжаты немесе қосымша хабарлама талап етілуі мүмкін.

ЖШС-ны қалай ашуға болады?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) – бір немесе бірнеше құрылтайшысы бар бизнес жүргізуге, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға атынан жүзеге асыруға арналған ұйымдық-құқықтық нысан.

ЖШС-ны тіркеу үшін:

  1. ЖШС атауын, заңды мекенжайын, қызмет түрін, құрылтайшысын немесе құрылтайшылар құрамын, сондай-ақ серіктестік басшысын айқындаңыз.
  2. Жалғыз құрылтайшының шешімін немесе құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімін дайындаңыз.
  3. ЖШС жарғысын бекітіңіз немесе үлгілік жарғыны таңдаңыз.
  4. Барлық құрылтайшылар мен басшыға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) рәсімдеңіз.
  5. eGov.kz порталынан «Заңды тұлғаларды тіркеу / Бизнесті тіркеу» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.
  6. Электрондық өтінімді толтырып, ЖШС туралы қажетті мәліметтерді енгізіп, оған ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз. Егер құрылтайшылар бірнешеу болса, өтінімге олардың әрқайсысы қол қояды.

Тіркеу аяқталғаннан кейін жеке кабинетіңізге тіркеу туралы хабарлама жолданады. Бұдан кейін салық салу режимін таңдап, қажет болған жағдайда банктік шот ашып, жүзеге асырылатын қызмет түріне сәйкес рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу қажет.

Дата публикации
02 июля 2026
Дата обновления
17 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы