
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар алуға арналған өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындысы негізінде өңірлік үйлестірушілер арқылы беріледі.
Мемлекеттік гранттар беру жөніндегі конкурстық іріктеуге әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік саласында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізіледі.
Қосымша ақпарат алу үшін жұмыс күндері «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша жүгінуге болады:
Мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 113-кабинет.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 550-181, 556-921, 556-903, 556-910.