
Білім беру бағдарламасы аясында 500 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі оқытудан өтті. Сабақтар барысында сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері, сайлау заңнамасының нормаларын қолдану, сайлау құжаттамасын жүргізу, сондай-ақ сайлау процесінің ашықтығын, жариялылығын және заңдылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.
Учаскелік сайлау комиссиялары қызметінің практикалық аспектілеріне, дауыс беру күні мен дауыстарды санау кезіндегі комиссия мүшелерінің іс-қимыл тәртібіне, сондай-ақ сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби даярлық деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды.
Оқытуды өткізу учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіруге және сайлау процесін ұйымдастыру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Онкүндік қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдерінің тәжірибелік маңызын және әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігін жоғары бағалады.