Logo

Меню

Страницы

Статья

Астана қаласындағы сайлау учаскелері желісін жетілдіру жұмыстары жалғасуда

Астана қаласының Аумақтық сайлау комиссиясы қызметінің маңызды бағыттарының бірі – елордадағы сайлау жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету, оның ішінде жаңа учаскелік сайлау комиссияларын құру және олардың құрамын жасақтау болып табылады.

2026 жылғы 24 маусымда Астана қаласы мәслихатының кезекті сессиясында қаланың аудандарында 8 жаңа сайлау учаскесін құру, сондай-ақ учаскелік сайлау комиссиялары құрамындағы бос орындарды толықтыру мәселелері қаралды.

Жаңа сайлау учаскелерінің құрылуына және комиссиялар құрамында бос орындардың болуына байланысты Астана қаласы мәслихатының шешімімен учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 68 жаңа мүше сайланды.

Жаңа сайлау учаскелерін құру қала инфрақұрылымының дамуына, халық санының артуына және азаматтардың тұрғылықты жері бойынша сайлау рәсімдеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылуда.

Учаскелік сайлау комиссияларының кәсіби құрамын қалыптастыру алдағы электоралдық науқандарға дайындықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осыған байланысты Астана қаласының Аумақтық сайлау комиссиясы комиссия мүшелерін оқыту, олардың кәсіби құзыреттерін арттыру және сайлау процесін ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру бағытындағы қызметін жалғастыруда.

Сайлау учаскелері желісін дамыту және сайлау комиссияларының кадрлық әлеуетін нығайту жөніндегі жұмыстар тұрақты негізде жүргізіліп, сайлау науқандарының ашықтығын, тиімділігін және жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Дата публикации
24 июня 2026
Дата обновления
24 июня 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
20 октября 2026
Ақпараттық материалдар
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы