
2026 жылғы 1 сәуірде Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ғимаратында Астана қаласы АСК жанындағы Жас сайлаушылар клубының отырысы өтті.
Отырысқа Жас сайлаушылар клубының мүшелері қатысты.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 23–24 сәуір күндері Қызылорда қаласында ұйымдастыратын электоралдық мәселелер жөніндегі көшпелі республикалық семинар-кеңеске Жас сайлаушылар клубы өкілдерінің қатысу мәселелері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Астана қаласынан аталған іс-шараға қатысу үшін келесі кандидаттар ұсынылды:
* Тенгебаев Азат — Жас сайлаушылар клубының мүшесі, «Respublica Jastary» жастар қанатының үйлестірушісі;
* Сәлімгереев Аян — Жас сайлаушылар клубының мүшесі, «Келешек» жастар қанатының жетекшісі.
Сондай-ақ отырыс барысында Жас сайлаушылар клубының есептік кезеңдегі қызметінің аралық қорытындылары қаралды.
Презентациялық, оқыту және ақпараттық-түсіндіру материалдарын дайындау барысында заманауи цифрлық форматтар мен жасанды интеллект технологияларын қолдануға ерекше назар аударылды.
Отырыс аясында Клуб мүшелері әлеуметтік желілерде сайлау туралы жалған ақпараттардың таралуын мониторингтеу және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының ресми ақпаратын жедел таратуға бағытталған «Цифрлық Қалқан» бастамасын ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша Жас сайлаушылар клубының жұмысы қанағаттанарлық деп танылды. Жастардың электоралдық бастамаларын дамыту және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.