Logo

Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы Ереже

Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы туралы Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) жастардың ерікті бірлестігі болып, оның мақсаты құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымды қалыптастыру және жастардың сайлау процесіне белсенді қатысу болып табылады

1.1. Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Астана қаласы АСК) жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

1.2. Клуб теңдіктің, демократиялықтың, ашықтықтың және адам құқықтарын құрметтеу принциптерінде негізделген.

  1. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде Астана қаласы АСК мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.

Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

  1. Клубтың Ережесі Астана қаласы АСК шешімімен бекітіледі.

 

  1. Клубтың мақсаты мен міндеттері

 

  1. Клубты құрудағы негізгі мақсаттар:

1.1. Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады;

1.2.  Жастардың сайлаушылар ретіндегі құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын арттыру;

1.3. Жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

1.4. Сайлау процесін насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.

  1. Клубтың негізгі міндеттері:

2.1. Жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау;

2.2. Жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеу;

2.3. Жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;

2.4. Жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру:

2.5. Сайлау құқығы мәселелері бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу;

2.6. Сайлау және саяси белсенділікке қатысты тақырыптарда пікірсайыстар, дөңгелек үстелдер мен пікірталастар ұйымдастыру;

2.7. Жастар арасында сайлаушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған акциялар мен іс-шараларға қатысу;

2.8. Мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және оқу орындарымен ынтымақтастық.

 

  1. Клубтың құрамы мен мүшелерінің құқықтары

 

  1. Клубтың мүшелігіне жас сарапшылар мен ғалымдар, өңірлік жастар ресурстық орталықтарының, коммерциялық емес қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері (келісім бойынша, №1 Қосымша) бола алады.
  2. Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
  3. Клуб мүшелері құқылы:

- Астана қаласы АСК төрағасы мен мүшелеріне ұсыныстар жасауға;

- Клуб мүшелері өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

- Клубтық іс-шаралары мен бастамаларына қатысу;

- Клуб жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;

- Клубтың қызметі туралы ақпарат алу.

 

  1. Клубтың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Клубтың қызметін ұйымдастыру:

1.1. Клубтың отырыстарын Астана қаласы АСК төрағасы қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.

1.2. Клуб әртүрлі форматтағы жиналыстар түрінде жұмыс істейді.

1.3. Клубтың қызметі, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету Астана қаласы АСК-нің бір мүшесіне жүктеледі.

  1. АСК мүшесі:

2.1. отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;

2.2. Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;

2.3. Клуб отырысы барысында хаттама, оның ішінде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.

  1. Клуб мүшелері мыналарға міндетті:

3.1. Осы ереженің талаптарын сақтауға;

3.2. Іс-шаралар мен бастамаларға белсенді қатысуға;

3.3. Клубтың позитивті имиджін сақтауға.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

5.1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Астана қаласы АСК шешімімен енгізіледі.

5.2. Клуб қызметі Астана қаласы АСК төрағасының шешімімен тоқтатылады.

Дата публикации
20 января 2026
Дата обновления
20 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы