
Қала тұрғындарының коммуналдық қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыру, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосу бойынша жағдай жасау есебінен жалпы елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту мақсатында Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының бюджеттік инвестициялық жобалары шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласының энергетикалық кешені объектілерін жаңғырту және дамыту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан қаласын орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың қолданыстағы жүйесі ЖЭО-1 және ЖЭО-2 екі негізгі энергия көздерінің базасында ұсынылған.
Анықтамалық: Нұр-Сұлтан қаласындағы жылу желілерінің ұзындығы – 867,4 км
Сорғы станцияларының саны – 15 бірлік
Жылу шығындары – 12,3%
Тозу – 56%
Бүгінгі күні энергия көздерінің қолда бар жылу қуаты 2 709 Гкал/сағатты құрайды (ЖЭО-1 – 744 Гкал/сағат, ЖЭО-2 – 1 965 Гкал/сағат).
Нұр-Сұлтан қаласының энергия көздерін реконструкциялау және кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде «ЖЭО-1 реконструкциялау» және «ЖЭО-2 кеңейту және реконструкциялау» жобалары іске асырылуда.
Сондай-ақ, қаланың жылу энергиясына деген өскелең қажеттілігін қамтамасыз ету үшін «Астана қаласында ЖЭО-3 салу. 1-кезек. Түзету» жобасын іске асыру жүргізілуде. Бүгінгі таңда объектінің дайындығы 73% құрайды. Аталған объектіні іске қосу 2022-2023 жылдарға жоспарланған.
Сондай-ақ, жылу шығындарын және жылу желілерінің тозуын азайту үшін Басқарма жыл сайын жылу магистральдарын реконструкциялауды жүргізуде (ТМ-2, ТМ-14, ТМ-15, ТМ-19, ТМ-20, ТМ-23).
Сонымен қатар, инфрақұрылымға шығындарды азайту есебінен инвесторлардың отандық және шетелдік капиталын тарта отырып, өнеркәсіптік объектілерді салу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Басқарма «Астана қаласында жаңа өнеркәсіптік аймақтың (Индустриялық парктің) инфрақұрылымын салу» жобасын іске асыруда.