
1. Жалпы ережелер
1. Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара қарым-қатынас жөніндегі консультативтік кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Астана қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
2. Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
3. Кеңес қызметі Кеңестің мақсаты мен міндеттеріне қайшы келмейтін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
4. Кеңес отырысының шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары
5. Кеңестің мақсаты үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ), мүдделі ведомстволар және мемлекеттік басқару органдарының азаматтық қоғам институттарын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жүйесін жетілдіру болып табылады.
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру және тәртібі
7. Кеңестің жеке құрамы, сондай-ақ оның құрамына енгізілетін өзгерістер Астана қаласының мәслихатымен бекітіледі.
8. Кеңесті, оның қызметіне басшылық ететін төраға басқарады. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
9. Кеңес мүшелері оның жұмысына қоғамдық бастамалар ретінде қатысады.
10. Кеңес отырыстары тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен шақырылады.
11. Отырыс егер оның жұмысына Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда ғана құқылы болып есептеледі.
12. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Кеңес мүшелері жалпы санының басым көпшілігі дауысы берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі.
13. Дауыс саны тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
14. Кеңес:
4. Кеңестің жұмысы үшін жағдайлар жасау
15. Кеңес отырысының жүргізілуін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету «Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.
5. Кеңес қызметін тоқтату тәртібі
Кеңес қызметін тоқтату туралы шешімді Астана қаласының әкімдігі қабылдайды.