Logo

Меню

Страницы

Статья

Астана қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар туралы қысқаша ақпарат

Бүгінгі күні Астанада 2726 үкіметтік емес ұйым тіркелген, бұл –Қазақстандағы 22398 ҮЕҰ-ның жалпы санының 12%-ін құрайды.

«Заңды тұлғалар бірлестігі» құқықтық мәртебесіндегі ұйымдар саны - 371, «қоғамдық бірлестік» - 1270, «жеке мекеме» - 276, «қор» - 809.

Елордада белсенді үкіметтік емес ұйымдар саны – 270.

Қызмет бағыттары бойынша:

  • әлеуметтік қорғау ұйымдары – 51;
  • жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 37;
  • қоғамдық келісімді нығайту – 26;
  • азаматтардың денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау – 24;
  • гендерлік саясат – 18;
  • демография мәселелерін шешу – 16;
  • мәдениет пен өнерді дамыту – 14;
  • басқа да әлеуметтік маңызды бағыттар – 84.

Осы ретте, Қазақстанда неғұрлым белсенді қызмет ететін ҮЕҰ Астана қаласында орналасқан. Мұның басты факторы ретінде Астана қаласында ҮЕҰ қызметінде белсенділік танытатын республикалық және халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ шетелдік қорлар өкілдіктерінің шоғырлануын атап өтуге болады.

Үкіметтік емес сектордың қызмет саласы көп жағдайда «Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар, гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР заңында көрсетілген мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың бағыттарына топтастырылған.

ҮЕҰ саласында Қазақстан Республикасының заңнамасы

ҮЕҰ қызметі «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» (1996 ж.), «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» (2005 ж.)

ҚР заңдарымен реттеледі. 2018 жылдың 15 тамызында Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және осы тапсырыстың нәтижелерін бағалау қағидалары бекітілді.  

Дата публикации
03 января 2019
Дата обновления
07 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы