Logo

Меню

Страницы

Статья

Нұр-Сұлтанда өткен тәлімгерлердің семинар-тренингі өз мәресіне жетті!

2019 жылдың 14-17 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік грант шеңберінде КЕАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Өңірлерде жастарды ынталандыру жұмысын жүргізу үшін менторлардың 4 тобын барып оқытуды ұйымдастыру» атты семинар-тренингті Елордалық «KAZBRANDS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шара осылайша өз мәресіне жетті. Аталмыш тренингке еліміздің түкпір-түкпір жерлерінен келген тәжірибелі тәлімгерлер өз біліктіліктерімен бөлісіп, Қазақстанның жастарын жаңа деңгейге көтеруге үлес қосты. Жалпы тәжірибелі көшбасшылар мен тәлімгерлер жастарға өмірлік өз жолдарын табуға, кәсібилігін арттыруға, тұлғалық дамуы мен өзін-өз тануларына менторинг әдісі (тәлімгер) арқылы қолдау көрсету, ментор қызметін атқара алатын ғалымдар, кәсіпкерлер, сарапшылар, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, кәсіпорын жетекшілері,мемлекеттік қызметкелермен өзара әрекет ету және тәжірибе алмасу әдісі арқылы қоғамдағы тәлімгерлікті дамыту бойынша тәлімгерлер жаңа идеяларымен бөлісті.

Сонымен қатар, жоба жастарды табысқа жетелеуге, ынталандыруға, кәсіпқойлауға, құқықтық кеңес беруге және тәлімгерлердің көмегімен жеке басының өсуіне ықпал етететінін ескергеніміз жөн.

Оқыту жұмыстарын тәжірибелі қазақстандық және халықаралық жаттықтырушылар мен жастар көшбасшылары өткізді. Олар: Ғалия Нұрбекова, Мадина Белялова, Ғани Абадан, Илья Шмелев (Мәскеу), Жанна Ибраева, "Астана ТВ" телеарнасының тележүргізушісі Санди Сұлтан, соның ішінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушылары.

Семинар-тренингтің жабылу рәсімінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілі, қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Оразкуль-ханым Асанғазы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Батима Мукина, Қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің экс-депутаты Нұрлан Жазылбеков, «Астана жастары» жастар орталығы басшысының орынбасары Ақерке Жұманбаева, «KAZBRANDS» ҚҚ басшысы Жанна Кайкенова қатысып, семинар-тренингтің қатысушыларына ақ баталарын берді.

Тәжірибелі мамандардан тәлім алған қатысушылар шараның соңғы күнінде арнайы сертификаттармен марапатталып, естелік ретінде суретке түсті.

Шара соңында, 4 аймақтық топтың тәлімгерлері жастарға өмірлік траекторияны қалыптастыру, тәлімгерлік құралдар арқылы өзін-өзі дамыту және өзін-өзі анықтауға көмектесу үшін елімізде тәлімгерлер мектебін құруды ұсынды.

Дата публикации
22 июля 2019
Дата обновления
06 августа 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы