Logo

Меню

Страницы

Статья

ҮЕҰ-бизнес-мемлекет серіктестігінің «ASAR» IIІ Республикалық форумы Павлодар қаласында өтеді

2019 жылғы 21-22 тамызда ҮЕҰ-бизнес-мемлекет серіктестігінің «ASAR» IIІ республикалық форумы өтеді.

Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған.

Форум «әр жылы – жаңа өңір» қағидасы бойынша өтуде, бұл ел деңгейінде, сондай-ақ, өңірлік контекстті  толығымен зерделеу мақсатында  үш жақты ынтымақтастық қарқынын көрсетуге мүмкіндік береді. Алғашқы «ASAR» форумы 2017 жылы Атырауда, екінші форум 2018 жылы Талдықорғанда өткізілген, биылғы форум Павлодар қаласында өтеді.

Форум жұмысына бизнес-құрылым, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының, орталық және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Ақпарарт және қоғамдық даму министрлігінде форум жұмысы 4 бағытта: SOCIAL – ASAR «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», ЕCO – ASAR «Жасыл» серіктестің форматындағы әлем», IT – ASAR «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» және INCLUSIVE – ASAR«Инклюзивтік қоғам уақыты» өткізіледі деп хабарлайды.

Екі күндік форум шеңберінде «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы» тақырыбында пленарлық отырыс өткізіледі.

Оның аясында үш жақты әріптестікті және оның тетіктерін дамыту, әлеуметтік инвестициялар бағыттарының парадигмасындағы бизнестің қызметі, «кіші» отанды дамытуға әлеуметтік инвестициялар және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Сонымен қатар, мастер-класстар, case-study семинарларын, workshop-тар (практикумдер), «#7 Спикер» интеллектуалы конференциясын ұйымдастыру және меморандумға қол қою жоспарланған.

Сонымен бірге, алғаш рет «ASAR activity» жобасын ұйымдастыру жоспарлануда, оның шеңберінде форум қатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылатын болады.

Әрбір тілек білдіруші форум жұмысына https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf8Pp3Jwq5TxAFxe9c-64-VtWnKx4YjoDpzwUQwlnaGeACzqw/viewform арқылы онлайн-тіркеуден өтіп қатыса алады.

Форумның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Павлодар облысының әкімдігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ болып табылады.

Дата публикации
08 августа 2019
Дата обновления
06 августа 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы