
Конкурс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, грант және сыйлықақылар туралы» Заңына, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес азаматтық бастамаларды қолдап, әлеуметтік саланың дамуындағы өзекті проблемаларды шешуге азаматтық институттар әлеуетін тарту үшін ұйымдастырылады.
Сұраныстар 2019 жылдың «19» тамызы сағат 13.00-ге дейін қабылданады.
Қағаз түріндегі сұраныстар мен электронды тасымалдағыштағы қосымшасын мына пошта мекен-жайына жолдау керек: Нұр-Сұлтан қ., Мәнгілік ел даңғылы, 20/1, 7 қабат.
MS Word және PDF форматындағы (бір құжат ретінде) құжаттарды бірінші басшының қолы бар сканерленген өтініш нұсқасын grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Орталық қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Орталықтың Жобаларды басқару департаментіне хабарласыңыз.