
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
«ЖАНҰЯ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қош келдің Жаңа жыл!»
Қайырымдылық шыршасы
Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы» КММ (бұдан әрі – «Жанұя» орталығы) көп балалы, толық емес, жағдайы төмен отбасыларға, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға кешенді кеңес беру қызметтерін көрсету, отбасы институтын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында құрылған.
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсан күні, сағат 14:00-де Бейбітшілік көшесі, 14 мекенжайында «Жанұя» орталығында қолдауымен мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға, қиын өмірлік жағдайдағы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған Жаңа жылдық қайырымдылық шыршасын өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты - балаларда қуанышты, мерекелік көңіл-күй, жағымды эмоциялар қалыптастыру, қайырымдылық сыйлықтар беріледі, ерекше қажеттіліктері бар балаларда «Жаңа жыл» туралы жақсы мереке ретінде түсінік қалыптастыру, балаларды түрлі шеберлік сабақтарына, дөңгелек билерге, театрландырылған іс-шараларға тарту.
Басталуы: 14:00
Өтетін күні: 25.12.2023 ж.
Мекенжайы: Астана қ-сы, Бейбітшілік 14
Байланыс телефоны: 8-705-268-53-64