
Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы Мемориалдық кешеннің үздік эскиз-идеясына Халықаралық сәулет байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды.
Байқаудың сәулеттік құндылығы табиғи ландшафттық ортамен, климатпен анықталатын ұтымды қала құрылысы нормаларының тәжірибесін көрсететін және осы және іргелес аумақта орналасқан барлық объектілердің үйлесімін қамтамасыз ететін заманауи, үйлесімді, бірыңғай сәулет-қала құрылысы ансамблін құру болып табылады.
Мемориал идеясы ғылымды, мәдениетті, білімді және рухани ағартуды, экономиканы, өнеркәсіпті және инновацияларды дамыту арқылы мемлекеттіліктің дамуының маңызды оқиғалары мен фактілері болған тарихи кезеңдерді қамтуы тиіс.
Байқаудың мақсаты сәулетшілердің шығармашылық әлеуетін белсендіру, олардың шығармашылығын әлемдік сәулет үрдісіне жақындату, оларды заманауи технологиялық ойлауға, озық сәулеттік шешімдерді белсенді қолдануға баулу болып табылады.
Байқауға байқау қатысушыларына қойылатын және Байқау шарттарында көрсетілген талаптарға сай келетін сәулетшілер, мүсіншілер, сәулет компаниялары қатыса алады.
Байқау мерзімі:
- қатысушыларды тіркеу 2023 жылғы 15-25 желтоқсан аралығында;
- біліктілік талаптарына сәйкес келетін Байқау қатысушыларын іріктеу: 2023 жылғы 26-27 желтоқсан аралығында;
- Байқау ұйымдастырушыларының қатысушыларға Байқау шарттары мен бастапқы материалдарын жіберуі: 2023 жылғы 28-29 желтоқсан аралығында;
- қатысушылардың Байқау материалдарын ұсынуы: 2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:00 (Астана қ. уақыты бойынша) кешіктірмей;
- Байқауға түскен жұмыстардың техникалық сараптамасы: 2024 жылғы 1-5 сәуір аралығында;
- байқау қорытындысын шығару – 2024 жылдың сәуір айы.
Өтінімде Қатысушы туралы жалпы ақпарат қамтылуы тиіс:
Эскиз-идеялардың үздік жобаларын іріктеу үшін байқаудың қазылар алқасының құрамына құрметті сәулетшілер, мүсіншілер, көрнекті қоғам қайраткерлері, журналистер, өнер қайраткерлері кірді.
Жұмыстарды бағалаудың негізгі критерийлері шығармашылық шешімдердің жоғары сапасы, кәсібилігі, Байқау шарттарына сәйкестігі болып табылады.
Байқаудың қазылар алқасының жұмысының нәтижесі бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйақы табысталады. Бірінші орын - 20,0 млн.теңге, екінші орын - 10,0 млн.теңге, үшінші орын – 5,0 млн.теңге.
Байқауға қатысуға өтінімдерді мына мекенжайға жіберу қажет: 010000 Астана қаласы, Ә. Мәмбетов көшесі, 22, 207-кабинет, e-mail: smgp@astanagenplan.org.kz
Сұрақтар мына телефондар бойынша: +7 (7172) 47-20-50, (ішкі 2103), 7 (7172) 47-20-63 (ішкі 2117, 2139).