
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі А. Мамбетов к-сі, 22 («Астана Бас Жоспары «ҒЗЖИ» ЖШС ғимараты) мекенжайы бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын түзету бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:
- «Алматы» ауданының аумақтары, 2023 жылғы 25 желтоқсан, сағат 10:00-17:00;
- «Нұра» ауданының аумақтары, 2023 жылғы 26 желтоқсан, сағат 10:00-17:00;
- «Сарыарқа» ауданының аумақтары, 2023 жылғы 27 желтоқсан, сағат 10:00-17:00;
- «Есіл» ауданының аумақтары, 2023 жылғы 28 желтоқсан, сағат 10:00-17:00;
- «Байқоңыр» ауданының аумақтары, 2023 жылғы 29 желтоқсан, сағат 10:00-17:00.
Толық ақпаратпен «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сайтында танысуға болады.