
«Жаңа қадам» атты мектепішілік және студенттік
парламент президенттерін ұлықтау рәсімі туралы
2023 жылғы 27 қазанда сағат 15.00-де Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласындағы білім беру ұйымдарының мектепішілік және студенттік Парламент президенттерін ұлықтау рәсімі өтеді.
Барлық білім беру ұйымдарының көшбасшылары үшін жастардың бойында, азаматтықтың және патриотизмді дәріптейтін айтулы, тарихи оқиға.
Ұлықтау рәсімі Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен ашылады. Одан кейін 76 мектеп көшбасшылары мен 16 колледж Астана қаласы Білім басқармасының, Республикалық оқу әдістемелік қосымша білім беру орталығы өкілдерінің, құрметті қонақтардың, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен еліміздің нағыз патриоты болуға, белсенділік танытуға және мектепішілік пен студенттік парламенттің маңызды әлеуметтік жобалары мен бастамаларына қатысушылары болуға салтанатты түрде уәде береді. Іс-шара балаларды жаңа белестерге жетелейтін «Біз біргеміз! Бұл біздің күшіміз!» флэшмобымен аяқталады.
Тел. +7019995014