
Құрметті БАҚ өкілдері!
2023 жылдың 3 қазан күні сағат 10:00 де Астана қ., ДШБ №68665 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының 31 жылдығына орай, Астана қаласы әкімдігі, «Жастар саясаты мәселелері» басқармасы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен, Елордамыздағы жалпы орта білім беретін ММ-дің үздік Жас Сарбаз тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Жас Сарбаз – патриоттар мекені» күзгі әскери-патриоттық дала жиыны өтеді.
Шара барысында нағыз әскери өмірдің қыр-сырлары жас өреңдерге таныстырылып, патриоттық тәрбиелелуге бағытталған жарыстар ұйымдастырылады. Шара Елордалық «Жас Сарбаз» тәрбиеленушілер үшін күзгі мезгілдегі әскери және спорттық шараларының ішіндегі асыға күтетін және үздік «Жас Сарбаздықтар» анықталатын ерекше платформа болып есептеледі.
Аталмыш шараның ашылуына Астана қаласы «Жастар саясаты мәселелері» басқарма басшысы Қамбаров Қайрат Тельманұлы, сенат және мәжіліс депутаттары, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы Мендыгалиев Меирбек Оразұлы, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы –Налшыбек Асхат, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады.
БАҚ өкілдерін акредитациялау мен өзге де қызықтыратын сұрақтар бойынша +7 705 347 50 06 телефоны арқылы немесе jassarbaz.astana@mail.ru электронды мекен-жайы бойынша 2023 жылдың 2 қазан күні сағат 21:00-ге дейін хабарласуға болады.