Logo

Меню

Страницы

Статья

Астана қаласында «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тауар сатып алу туралы хабарлама

«Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысымен бекітілген «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаның екінші тетігі (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде орта білім беру ұйымының объектісін (бұдан әрі – мектеп) олардың меншік иелерінен тауар ретінде сатып алу ниеті туралы хабарлайды.

ТАПСЫРМАЛАР:

1. Ағымдағы және болжанатын оқушы орындарының тапшылығын жабу үшін Астана қаласында жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру;
2. Ұлттық жоба шеңберінде енгізілетін орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру.

МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН КРИТЕРИЙЛЕР:

1. Бастапқы мақсаты: орта білім беру ұйымының нысаны немесе мектеп;
2. Орналасқан жері: Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Қабанбай батыр мен Сығанақ көшелерінің қиылысында;
3. Жер учаскесінің ауданы: 1,71 га;
4. Қуаты: 1200 оқушы орны (2 ауысымда 2400 оқу орны);
5. Құрылыстың басталуы: 2023 жыл;
6. Пайдалануға беру: 2024 жыл;
7. Техникалық сипаттама: техникалық, материалдық жарақтандыру және өзге де сипаттамалар ұлттық жобаның талаптарына сәйкес болуы тиіс (оның ішінде 4-қосымша). Жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) айқындаған сараптама ұйымдары жүргізген тәуелсіз техникалық сараптама нәтижелері бойынша мектептің техникалық жай-күйі «Жарамды» немесе «Жұмысқа қабілетті» деп бағаланады;
8. Алаңнан тыс инженерлік желілер: сатып алынатын орта білім беру ұйымының объектісі салынған жер учаскесіне дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуді ЖАО жүзеге асыратын болады.

МЕКТЕПТІ САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫ.

1. Құны: ұлттық жоба шеңберінде салынған орта білім беру ұйымының жобалық қуаты бойынша ұқсас бір оқушы орнының құнын есептеуден айқындалған оның нарықтық құнын және объектінің есептік құнын тәуелсіз бағалау ескеріле отырып айқындалады.

2. Жер пайдалану құқығы:

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдаланудың (жалға алудың) ұзақ мерзімді құқығы.

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ОБЪЕКТІСІН ІРІКТЕУ РӘСІМІ.

Ұлттық жобаның екінші тетігі шеңберінде мектепті іске асыруға қатысуға ниет білдірген әлеуетті сатушылар/меншік иелері өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін мектептің алдын ала құнын, іске асыру мерзімдерін, мектепті іске асыру мүмкіндіктері мен шарттарын (бар болса) көрсете отырып, «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ мекенжайына ресми хат жолдауы қажет.

Бұдан кейін, Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі қағидаттарын ескере отырып, елеулі талаптар бойынша объектілердің әлеуетті сатушыларымен/меншік иелерімен келіссөздер жүргізілетін болады, орта білім беру ұйымы объектісін сатып алу-сату шартын (бар болса) немесе сатып алу-сату шартын жасасу және орындау.

Меншік иесі жаңадан пайдалануға берілген орта білім беру ұйымының объектісіне құқық белгілейтін және (немесе) сәйкестендіру құжаттарын алғанға дейін орта білім беру ұйымының объектісін сатып алу-сатудың алдын ала шарты жасалған жағдайда мынадай елеулі талаптар ескерілетін болады:

1. ЖАО қаражаты есебінен орта білім беру ұйымы объектісі пайдалануға берілгеннен кейін оның техникалық жай күйіне тәуелсіз сараптама жүргізу;
2. ЖАО қаражаты есебінен орта білім беру ұйымы объектісі пайдалануға берілгеннен кейін оның нарықтық құнын тәуелсіз бағалауды жүргізу;
3. ЖАО тарапынан аванстық төлемдердің болмауы;
4. Орта білім беру ұйымының объектісін сатып алуға болжанатын ұлттық жобаның талаптарына сәйкестігі;
5. Тараптар ұлттық жобада белгіленген орта білім беру ұйымдарының объектілерін пайдалануға беру жоспарына сәйкес келетін орта білім беру ұйымының объектісін сатып алу-сатудың негізгі шартын жасасуға міндеттенетін мерзім.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы:

«Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2023 жылғы 23 қазан сағат 13:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Байланыс деректері:

«Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ инновацияларды енгізу, есептілікті талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы – Борангалықызы Дильда, жұмыс телефоны: 8 (701) 8887081, Е-mail: d.borangalikyzy@astana.kz

 

Дата публикации
25 сентября 2023
Дата обновления
25 сентября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы