
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласының Есіл, Нұра, Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр аудандары әкімінің аппараты Жеңіс даңғылы және Бөгенбай батыр даңғылы қиылысы, Достық және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы, Қорғалжын тас жолы, Анатолий Храпатый және Әбубәкір Тыныбаев көшелері қиылысы, Тәуелсіздік даңғылы және Шарль де Голль көшелері учаскелері шекарасында скверлерді, жағалауларды және басқа да қоғамдық орындар мен ғимараттарды салудың егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер және/немесе толықтырулар жобаларын қоғамдық талқылаулары 2023 жылғы 16-21 тамыз аралығында сағат 10:00-17:00, түскі үзіліспен сағат 13:00-14:30, сенбi, жексенбі күндерін қоспағанда, Республика даңғылы, 32 үйінің 1-қабатта өтетіні туралы хабарлайды.
Дәлелді пікірлер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей электрондық пошталарға
nura.astana.kz@gmail.com, Esil.akimat@astana.kz, almaty.aydany.kz@gmail.com, baykonyr@astana.kz, saryarqa.astana.kz@gmail.com:
немесе қолма-қол, Астана қаласы, А.Мамбетов көшесі 24 үй, Республика даңғылы 32 үй, 1-ші қабат, ұсыныстарға арналған жәшіктері арқылы жіберуге болады.