
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылдың 10 шілде күні Nomad City Hall театрында елордалық денсаулық сақтау саласының 25 жылдық мерейтойы мен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтеді. Басты мақсат – Астана қаласының медицина саласының жетістіктері мен ақ халатты абзал жандардың баға жетпес еңбегін насихаттау.
Іс-шара барысында 2023 жылдың «Ең үздік МСАК ұйымы», «Үздік хирург», «2023 жылдың тиімді менеджері», «Ең үздік фармацевт қызметкері», «Үздік жедел медициналық жәрдем бригадасы», «Үздік акушер-гинеколог», «Ұздік орта буынды медицина қызметкері», «Үздік жалпы практика дәрігері» марапатталмақ.
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Султангазиев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев және денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен өзге де өкілдері медицина қызметкерлерін құттықтайды.
Бұл күні Дос, Жаңабай Өтеген, Бейбіт Қорған сынды эстрада әншілері мен медицина қызметкерлері өнер көрсететін болады.
Уақыты: сағат 17:00 (БАҚ өкілдеріне сағат 16:30-дан кешікпеуіңізді сұраймыз)
Өтетін орны: Nomad City Hall театры, Мәңгілік ел даңғылы, В2.3
Аккредитация және қосымша сұрақтар үшін байланыс: Раушан Арманқызы 8 778 517 42 71