Logo

Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

«Астана - шабыт арқауы»

атты мәдени-іс шара

 

«Қазақстан Жазушылар Одағы»

қоғамдық бірлестігінің

Астана қалалық филиалы

 

   E-mail: sbs_sbs@mail.ru

2023 жылғы 2-3 шілдеде "Қазақстан Жазушылар Одағы" қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы Астана қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен "Астана - шабыт арқауы" мәдени  іс-шарасын өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еліміздің қаламгерлеріне қолдау көрсету,  ынталандыру. Мәдениет пен әдебиет салаларына қамқорлық жасау. Халыққа көркем шығарма иелерін кеңінен насихаттау және әдебиеттің әр түрлі жанрларын дамыту.    

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыда өтіп жатқан Қазақстан Жазушылар одағының XVI құрылтайына жолдаған құттықтау хатында «Адамзатқа ортақ мәселелерді көтерген кесек туындылардың қажет екені түсінікті. Мұндай шығармаларды дүниеге әкелуге ақын-жазушыларымыздың қарым-қабілеті әбден жетеді деп ойлаймын. Қалам – киелі құндылық. Сөз құдыреті халықты ыдырата да, біріктіре де алады. Біз жаһандану дәуірінде жұтылып кетпей, ұлт ретінде сақталудың қамын ойлауымыз қажет. Сондықтан қаламгерлеріміздің бірлікті ту етіп, ел мүддесі жолында адал қызмет етуі маңызды», – деп ұлттың рухани өсуінде әдебиеттің маңызды орын алатынын атап өтті.

«Астана - шабыт арқауы» атты мәдени-іс шарасында елордалық ақын-жазушымен шығармашылық кездесулер өтеді.  Атап айтқанда, қазақ әдебиетінің классиктері Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдік, Ғарифолла Есім, Қойшығара Салғараұлы, Алтыншаш Жағанова, Қаржаубай Сартқожаұлы, Шәрбану Бейсенова, Медеу Сәрсеке, Серік Негимов, Ғалым Жайлыбай және тағы басқа қаламгерлер іс-шараға қатысады. 

Айта кетейік,  бүгінде Астанада Қазақстан Жазушылар одағының 160-тан  астам мүшесі тұрады. Қазақ ақын-жазушылары құрылғанына 25 жыл толып отырған  бас қаламыздың рухани келбетін, әлем алдындағы абырой-беделін қалыптастыруда талмай еңбек етіп келеді.  Қаламгерлер өскелең ұрпаққа тәрбие беру, жас өрендердің кітапқа деген қызығушылығын ояту жолында балаларға төл туындыларын арнап, бағыт-бағдар беруде.      

         Астана қаласының Мәдениет басқармасының қолдауымен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шарасы аясында "Қазақстан Жазушылар Одағы" қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы елорданың 80 ақыны мен жазушысын марапаттайды. Сондай-ақ, мәдени іс-шарасы ақындар мен жазушылар қолтаңба сессиясын, кітаптар тұсаукесерін өткізеді.

Іс – шара барысында Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ«Астана-бейбітшілік және жасампаздық мекені» атты кітап көрмесі ұсынады.

  Іс-шара бағдарламасы шығармашыл орта қалыптастырып,    оқырмандар қатарын арттыруға бағытталған.

 

Өтетін орны:Астана қаласы Қаламгерлер аллеясы,

Уақыты:   

2023 жылғы 2шілде

10:00 Қаламгерлер аллеясы   

 

Қатысушылар:

Астана қаласының шығармашылық зиялылары, кітапханашылар және оқырмандар

Ұйымдастырушылар:

«Қазақстан Жазушылар Одағы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы

Астана қаласының  «Мәдениет басқармасы» ММ

Астана қаласы әкімдігінің  «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»  КММ

 

АККРЕДИТТЕУ ҮШІН БАЙЛАНЫС:

+7 701 327 3708 (Шинар Устенбекова)

Дата публикации
01 июля 2023
Дата обновления
01 июля 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
20 октября 2026
Ақпараттық материалдар
14 октября 2026
Мәслихат - 2026

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы