Logo

Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

«Астана – менің Отанымның елордасы» әлеуметтік турының

 

 

          2023 жылдың 27 -29 маусым аралығында елорданың 25 жылдығына орай «Астана – менің Отанымның Елордасы» атты әлеуметтік туры басталады. Жобаның ұйымдастырушысы Астана қалалық әкімдігінің «Астана даму орталығы» ЖШС. Бұл күндері Абай облысынан 50 бала келеді.

          Жоба аясында еліміздің барлық өңірінен елордаға 1000 аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалар келеді.

          Балаларға арналған 3 күндік кәсіби гидтердің қатысуымен ерекше экскурсия және мәдени-көңіл көтеру бағдарламасы ұйымдастырылады.

          Жобаның мақсаты мен міндеттері – Астана қаласы туралы балалардың ақпараттандырылу деңгейін көтеру, патриоттық рухты, Отанға деген махаббат пен құрметті арттыру, тарих пен мәдениет жайлы қосымша білім беру, балаларға жақсы оқыған жағдайда жетуі мүмкін мүмкіндіктер мен жетістіктерді көрсету, қиын өмірлік жағдайларға тап болған оқушыларға жәрдемдесу, көңіл көтеру мен ерекше сауықтық бағдарлама арқылы байланыс орнату.

          Балалардың Астанаға келуі кезінде елорданың «Астана-Бәйтерек» монументі, «Нұр Әлем» болашақ энергиясы музейі, ҚР Тұңғыш Президентінің музейі, ҚР Ұлттық музейі, «Хан Шатыр» СОО сияқты басты көрікті орындарын көрсету жоспарланып отыр.

          Сонымен қатар, балаларға арналған ең қызықты сауықтыру орындары -  Океанариум, Джунгли, Қазақстандағы ең үлкен шолу дөңгелегі, батут саябағын көрсету жоспарлануда, бұл балалардың саяхатын қызықты әрі жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік береді.

 

 

Дата публикации
26 июня 2023
Дата обновления
26 июня 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы