Logo

Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

FILARMONIA FEST - 2023 

ЕЛОРДАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ЖҮРЕГІНДЕГІ МЕРЕКЕ

 

 

Өтетін күні мен уақыты: 24 маусым  2023 жыл, 11:00 – 21:30

Өтетін орны: Кенесары көшесі, 32  филармония алаңынан Есіл өзенінің жағалауына дейін

 

24 маусым күні елорданың 25 жылдығын мерекелеу аясында Астана қаласының әкімдігі және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы FILARMONIA FESТ – 2023» музыкалық фестивалін  ұсынады.

 

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония – ХІХ ғасырдың басынан бері өнердің тамыры соғып тұрған қаланың музыкалық жүрегі, елордадағы ертеден келе жатқан мәдениет мекемелерінің бірі.Бүгінгі таңда филармония құрамында 13 шығармашылық ұжым жемісті еңбек етуде, қызметкерлер саны 606 адамды құрайды.Елордалық филармонияның міндеті - әртүрлі бағыттағы музыкалық шығармаларды насихаттай отырып, жоғары ағартушылық қызметті орындау болып табылады. Ағартушылық және мәдени құндылықтарды насихаттау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, ұлттық және әлемдік өнердің рухани мұрасын сақтау және көбейту – осының бәрін астаналық филармония толық көлемде орындауда

​ «FILARMONIA FEST- 2023»фестивалі Астананың 25 жылдығын мерекелеу аясында халықты елордамыздың музыкалық жүрегінің айналасына біріктіруге арналған музыкалық фестиваль. 

Жоба қазақстандық музыкалық мәдениетті танымал ету, отандық өнердің гуманистік және рухани бағдары арқылы халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелеу және көркем шығармашылыққа баулу мақсатында өткізіледі. Ауқымды музыка мерекесі қоғамда мерекелік атмосфера мен жағымды көңіл-күй қалыптастыруға; филармонияның шығармашылық ұжымдарының шығармашылығын танымал етіп, жеке брендті қалыптастыруға; отбасылық құндылықтарды дамытуға; өскелең ұрпақтың адамгершілік және көркемдік бағдарларын қалыптастыру үшін бағытталған.

Қатысушылар: филармония шығармашылық ұжымдары мен солистері (500-ге жуық әртіс). Балалар шығармашылық ұйымдарыжәне білім беру студиялары, цирк әртістері

Жобаның мазмұны:

24 маусым күні сағат 11.00-ден 21.30-ға дейін Кенесары көшесі, 32 мекенжайындағы филармония ғимаратының алдындағы алаңнан Есіл өзенінің жағалауына дейін әртүрлі іс-шаралар өтеді:

● 11.00-ден 13.00-ге дейін  «Музыка балалар көзімен» балалар сурет байқауы. «Бормен сурет салу», «Мүсін», «Композиция» атты үш номинацияда үздік жұмыстарды таңдау және марапаттау;
● 13.00-ден 15.00-ге дейін «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблінің және Үрлемелі оркестрдің «Музыкалық аспаптар әлеміне саяхат» атты жас музыканттарға арналған шеберлік сағаттары өтеді, онда балалар музыканың қыр-сырын біліп қана қоймай, музыкалық аспаптардың құрылысымен танысады.
● филармония ұжымдарының қатысуымен Есіл өзенінің жағасында және елордалық Арбат бойында филармония шеруі өтеді. Ауқымды музыкалық шеруге «Сарыарқа» халық музыкасы ансамблі, «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Alem» заманауи би балеті, Камералық хор, Үрлемелі оркестр, Эстрадалық вокал бөлімінің әртістері қатысады. Шеру 18.30-да Есіл жағалауында басталып, 19.30-да филармония  алаңында аяқталады.
● 18.30-дан 19.30-ға дейін Қазақ оркестрі мен Халық әні бөлімінің дәстүрлі әншілері әкімдік алдындағы амфитеатрда өнер көрсетуі;
● 18.30-дан 19.00-ға дейін Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің орталық кіреберістегі концерттік алаңда өнер көрсетуі;
● 19.30-да филармония алаңында филармонияның барлық ұжымдарының қатысуымен елорданың 25 жылдығына арналған 25 санын флешмобпен ұйымдастыру;
● «Филармония – елорданың музыкалық магниті» эссе байқауының қорытындысын шығару;
● 19.30-дан 21.30-ға дейін Симфониялық оркестр және барлық ұжымдардың қатысуымен филармонияның Гала-концерті жоспарлануда.

Астана қаласының 25 жылдығына орай өтетін «FILARMONIA FEST – 2023» – елорда тұрғындары мен қонақтары үшін эстетикалық қуаныш сыйлайтын нағыз өнер салтанаты болмақ

 

                                                               Ақпаратүшін+7 702 712 0442

 

 

 

 

Дата публикации
22 июня 2023
Дата обновления
22 июня 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы