
IІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚҰРАЛАЙ»
ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЛАРЫ ФЕСТИВАЛІ
Өтетін күні: 25-29 маусым 2023 жыл
Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры»,
«Музыкалық жас көрермендер театры
«Шын мәнінде, қазақтың мәдениеті сан түрлі саланы қамтиды. Халқымыздың ата-бабадан мирас болған мол мұрасы бар. Оны заман талабына сай жаңғыртып, жер жүзіне насихаттау керек»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Астана қаласының 25 жылдығына орай, III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрларыфестивалі өтеді.
Елордамыздың 25 жылдығы - еңселі еліміз үшін айрықша мейрамдардың бірі.Астана -тәуелсіздіктің айқын көрінісі, бабалардың асқақ арманы, болашақтың жарқынбейнесі.
Атаулы мереке қарсаңында және қазақ қуыршақ өнерін дүниежүзіне насихаттау мақсатындаАстана қаласы әкімдігінің, Мәдениет басқармасының қолдауымен маусым айының 25-29 аралығында III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтпек.
Аталмыш фестиваль алғаш рет 2015 жылдың 29 маусымы мен 2 шілде аралығында өтіп, 2018 жылы жалғасын тапқан болатын. Елорданың қуыршақ театры ашылған күннен бастап әлемдік театрлармен тығыз байланыста. Бұл күнге дейін бағаналы басты орданың қуыршақ театры екі мәрте театр фестивалін өткізіп, көптеген халықаралық театр додаларына қатысып, тұғыр биігінен табылды.
Тілге тиек болған I Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне Перу, Эстония, Болгария, Сербия, Румыния, Ресей, Татарстан, Түркия, Тәжікстан, Италия, Тунис, Бельгия, Босния және Герцеговина сияқты т.б мемлекеттер қатысып, өнер мерекесі аясында «EURASIA PUPPET» - қуыршақ театрлары ассоциациясын құру» - меморандумына қол қойылды. Бұл меморандум театрлар арасындағы байланысты арттыра түсті. Нәтижесінде Қазақстанның қуыршақ театры әлемдік ұжымдармен достық қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып, өнер кеңістігінде құлашын кеңге сермеді.
Мінеки, араға бірнеше жыл салып бұл фестиваль арқа төсінде қайта салтанат құрмақ. Осы жолғы III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне 13 театр қатысады. Аталған фестивальдің бір ерекшелігі арнайы номинация жеңімпаздарын Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры жанынан құрылған театр студиясының алғашқы түлектері, яғни балаларанықтайды.
Фестивальдің мақсаты:Тағлым тамшысы болған қуыршақ театры өнерін кеңінен дәріптеуМәртебелі мәдениетімізді, өнегелі өнерімізді дүниежүзіне насихаттау Әлемдік театрлармен шығармашылық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасып, шеберлікті шыңдау. Сәруар көңіл сәбилерге шаттық сыйлап, балаларға рухани-танымдық қойылымдар ұсыну.
Фестиваль қонақтары:Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары.
ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОСЫМША БЕТТЕ
БАҒДАРЛАМА
III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі
25- 29 маусым 2023 жыл
|
25.06.2023 ж. |
||
|
930 |
III Халықаралық «Құралай»қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты шеруі
|
«Жастар» сарайынан Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермендер театрына» дейінгі аралық |
|
1030 |
Пресс- конференция
|
Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермендер театры» |
|
11:00 |
III Халықаралық «Құралай»қуыршақ театрлары фестивалінің салтанатты ашылу рәсіміне арналған гала-концерт
|
Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермендер театры» |
|
12:30 |
/Астана/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
15:00 |
A la carteқойылымы Хосэ Наварро театры Авторы және қоюшы режиссері Х. Наварро /Перу/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
16:30 |
РМСӨИ қуыршақ театры режиссурасы және актер шеберлігі кафедрасының доценты Амела Вученовичтің шеберлік сағаты.
«Дәстүрлі қуыршақ театрындағы актерлердің қолғапты қуыршақпен ойнау ерекшелігі»
«Байкамела» қуыршақ театрының негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі және режиссері Амела Вученович. «Куку Тодор» Видео қойылым
/Сербия/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
26.06.2023 ж. |
||
|
10:00 |
Өзбек Ұлттық қуыршақ театрының концерттік бағдарламасы /Өзбекстан/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
12:30 |
«Сен, мен және қуыршақшы» Авторы: Х.Юрковский Қоюшы режиссері: В. Чистый Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық қуыршақ театры» КМҚК /Қостанай/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
15:00 |
«Туулевески» қуыршақ театры (Ш.Перро ертегісінің ізімен қойылған музыкалық қуыршақты оқиға) Қоюшы режиссері: А. Вученович /Эстония/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
27.06.2023 ж. |
||
|
10:30 |
«Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры» КМҚК Сахналық нұсқасын жасаған: Қоюшы режиссері: Г.Е. Лайко /Петропавл/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
12:00 |
Қуыршақ жүргізу бойынша шеберлік сағаты. Өзбекстанның еңбек сіңірген артисі Муниса Игамназарова
«Өзбек Ұлттық қуыршақ театры» /Өзбекстан/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
15:00 |
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Авторы: А.Малюченко Қоюшы режиссері: А. Малюченко /Шымкент/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
28.06.2023 ж. |
||
|
10:00 |
Темпо театры «Алыптың бақшасында» АвторыОскар Уайльд, Өңдеген: Халюк Юдже Қоюшырежиссері: Халюк Юдже /Түркия/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
12:30 |
Шэньчжэнь қаласының қуыршақ театры «Қытай қуыршақ театрына мың жыл» АвторыХун Цзиндяо Қоюшы режиссері: Лю Цзыюань
/Қытай/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
29.06.2023 ж. |
||
|
10:00 |
Маңғыстау облыстық қуыршақ театры «Бабалар мекені» Авторы және қоюшы режиссері: Н.Насырова /Ақтау/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
12:30 |
Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театры Авторы: Қ.Мұрат Қоюшы режиссері: Р.Жаныаманов /Алматы/ |
Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» МКҚК |
|
15:00 |
III Халықаралық «Құралай»фестивалінің жабылу салтанатына арналған гала-концерт |
Астана қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермендер театры» |
Анықтама телефон
Аңсат Еспанова: 8 701 135 48 26