
Елордада «Ұрпақтар үні» жобасы аясында
көше және ұлттық ойындар бойынша турнир өтеді
Өтетін орны: Қажымұқан көшесі, 7/1а, Студенттік саябағы.
https://2gis.kz/astana/firm/70000001023053170/71.463068%2C51.155336
Өтетін күні және уақыты: 24.06.2023 ж,
Қатысушылар үшін 11:00 де,
БАҚ өкілдері үшін сағат 12:30 да.
Ұйымдастырушылар: «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ , «Астана жастары» ЖРО» КММ
«Ұрпақтар үні» - мәдени-спорттық іс-шара арқылы адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын жүзеге асырудың ең жақсы моделін құруға бағытталған жоба. Аталған спорт фестивалі жастар арасындағы заманауи урбан мәдениетінің ең танымал алаңдарын қамтитын болады.
Көше жастары арасында спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында көше спортын дамыту және ұлттық спортымызды дәріптеу мақсатында, алдымыздағы Қала күніне орай «Ұрпақтар үні» жобасы аясында 15-ке жуық көше және дәстүрлі спорт түрлерінен турнирлер өткізу жоспарлануда.
Жоба аясында жасөспірімдер мен жастар, қала тұрғындары және қонақтары арасында BMX (велосипедтті мотокросс), скейтбординг, стритбол, street workout, брейк батл, роллинг, лянгы тебу, садақ ату және тағы да басқа көше спорты және ұлттық ойын түрлерінен турнирлер, шеберлік сағаттары, концерттік іс-шара өтеді.
Аталмыш іс-шараға қоғам қайраткерлері, спорт өкілдері, елімізге танымал тұлғалар мен блогерлердің қатысуы күтілуде. Жоба соңында барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Қосымша ақпарат:+7 708 839 84 73, Айзат