
II international archery tournament «Grand Prix Astana»
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
|
Өткізу күні: 2023 жылғы 13-18 маусым Басталу уақыты: 09: 00 |
Астана қ., Тұран даңғылы, 59, Ласк "Qazaqstan" жеңіл атлетика кешені |
Астанада 2023 жылдың 13-18 маусым аралығында "Grand Prix Astana" садақ атудан II Халықаралық турнир өтеді. Турнир Қазақстанда ересектер арасында да, балалар арасында да садақ атуды дамытуға, сондай-ақ ТМД елдерімен және алыс шетелдермен достық байланысты нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болып табылады.
Турнирге әлемнің 11 елінен 150-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында түрлі кубоктардың, Әлем, Еуропа және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен чемпиондары болады. Бұл жарыс әлемнің түкпір-түкпірінен ең талантты және тәжірибелі атқыштарды бір алаңда жинайды.
Турнирдің өтетін орны: Астана қаласындағы Тұран даңғылы, 59 мекенжайындағы "Qazaqstan" жеңіл атлетика кешені.
Барлық мүдделі тұлғалардан 8 771 353 36 36 (Ержан) нөмірі бойынша қосымша ақпарат алу үшін аккредиттеуден өтуді сұраймыз. Турнирдің егжей-тегжей мағұлматы, іс-шаралар кестесі және басқа да маңызды мәліметтер сұраныс бойынша беріледі.
"Grand Prix Astana" садақ атудан II Халықаралық турнирі әлемнің үздік атқыштары кездесетін қызықты жарыс болуға уәде береді. Біз барлық садақ ату және спорттық жарыстардың жанкүйерлерін осы маңызды оқиғаға қосылуға және қатысушыларды қолдауға шақырамыз!