
ПРЕСС-АНОНС
Астанадағы Мамандандырылған балалар үйінің 90 жылдығы мен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала күлкісі – әлемнің көркі» атты мерекелік іс-шара өтеді
Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ, Манас көшесі 17/1
Шараның мақсаты - балаларды қорғау күнінде бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қонақтар мен достарының арасында түрлі ойындармен нағыз көңілді мереке ұйымдастырып, балаларды құттықтау. Олар үшін ұмытылмас, мерекелік қуаныш ұйымдастыру.
Шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің қатысуымен «Бала күлкісі – әлемнің көркі» мерекелік театрландырылған қойылымы ұйымдастырылады. 1 жасқа толған егіз бүлдіршіндерге «тұсау кесу» рәсімі өткізіледі.
Тәрбиеленушілерді құттықтау үшін қонақтар - әкімдік, қоғамдық қорлар өкілдері, меценаттар мен өнер қайраткерлері күтілуде.
Қосымша ақпарат үшін:
+7 778 517 42 71 Раушан Арманқызы