Logo

Меню

Страницы

Статья

Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Айбынды ардагерлер» акциясын өткізу бойынша БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

Күні мен уақыты: 9 мамыр, сағат 8:30 да

Жиналу орны: Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Кенесары көшесі, 32

 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Айбынды ардагерлер» акциясы өтеді.

 Іс-шара аясында Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының үрлемелі аспаптар оркестрі мен елорда жастары «Red bus»  экскурсиялық екі қабатты автобусымен қаламыздың көшелері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері тұратын тұрғын үйлерге барады. Әрбір ҰОС ардагері үйінің алдында салтанатты музыкалық құттықтаумен рухани оркестр әскери-патриоттық әндерді орындайды.

 Бұл ардагерлер үшін ғана емес, елорданың барлық тұрғындары үшін ерекше сыйлық болмақ.

Іс-шараның мақсаты:

Майданда және тылда ауыр сынақтардан өткен, өз күштері мен өмірін аямай, әлемді фашизмнен азат еткен Ұлы Отан соғысының ардагеріне  шын жүректен алғыс айту.

Елорда тұрғындары мен жастардың бойында патриотизмдік рухты  нығайту. 

Ұйымдастырушы:

«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы», Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ және Мемлекеттік академиялық филармония.

Іс-шараның қатысушылары: Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, елордалық жастары мен еріктілері.

 

 

Қосымша ақпарат: Айзат – 8 708 839 8473

 

Дата публикации
08 мая 2023
Дата обновления
08 мая 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы