
Өтетін күні мен уақыты: 28.04.2023, 11:00
Өтетін орны: Астана қ., Қ.Сәтпаева көшесі, 2 (Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, бас корпус, атриум).
ҚР Президенті-Қасым – Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін басты басымдық - жастарды қолдау және елдегі адами капиталдың сапасын дамыту болып табылады.
2023 ж 28 сәуірде сағат 11:00-де Астана қаласы «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ, Астана қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетімен(ЕҰУ) бірлесіп ЕҰУ аумағында жұмыс іздеп жүрген түлғалар, елордалық ЖОО түлектері және елорда жастары үшін қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.
2022 жыл басынан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ бес бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізген болатын, оған елорданың 221-ден астам жұмыс беруші, 3400-ден астам жастар мен студенттер қатысты және 2250-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, оның барысында 260-қа жуық адам жұмысқа орналастырылды.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуға 20-дан астам ірі жұмыс берушілер өтінім берді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі, GAZ METAL SERVICE, «Электронды қаржы орталығы» АҚ, «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі»,«Бизнес және даму мектебі», «RBK Bank» АҚ, «NRG Audit» ЖШС, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Тәп-Тәтті» ЖШС, «Казахтелеком» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС және т.б.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос вакансияларын ұсынып, өздеріне деген ең қолайлы кандидаттардың базасын қалыптастырады. Жұмыс іздеушілер, өз кезегінде компаниялардың HR-менеджерлерімен тілдесіп, сұхбаттасудан өтіп, өзін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
Аталмыш іс-шараға қатысуға өтінім беру үшін БАҚ өкілдері төмендегі құжатқа сәйкес аккредиттеуден өтуі қажет.
Қосымша ақпарат: +7 700 775 63 64 Жангуль