Logo

Меню

Страницы

Статья

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

 БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

 

Өтетін күні мен уақыты: 21.04.2023, 14:00

Өтетін орны: Астана қ., А.Жұбанова,7. (ESIL UNIVERSITY, бас корпус, фойе).

 

ҚР Президенті-Қасым – Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан үшін басты басымдық - жастарды қолдау және елдегі адами капиталдың сапасын дамыту болып табылады.

2023 ж 21 сәуірде сағат 14:00-де Астана қаласы әкімдігінің  «Астана жастары» ЖРО» КММ Esil University-де жұмыс іздеп жүрген түлғалар, елордалық ЖОО түлектері және елорда жастары үшін қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің негізгі мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды, білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылады.

2022 жыл басынан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің                      «Астана жастары» ЖРО» КММ төрт бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізген болатын, оған елорданың 166-дан астам жұмыс беруші, 2400-ден астам жастар мен студенттер қатысты және 1800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, оның барысында 250-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысуға 20-дан астам ірі жұмыс берушілер өтінім берді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Басқарушы компания «Қазмедиа орталығы» ЖШС, «Arena S»  (Арена S), Sulpak ЖШС, «DESIDERIO» ЖШС, «Қазпошта» АҚ «Астана почтамт» АФ, «Казахтелеком» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС және т.б.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос вакансияларын ұсынып, өздеріне деген ең қолайлы кандидаттардың базасын қалыптастырады. Жұмыс іздеушілер, өз кезегінде компаниялардың HR-менеджерлерімен тілдесіп, сұхбаттасудан өтіп, өзін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Аталмыш іс-шараға қатысуға өтінім беру үшін БАҚ өкілдері төмендегі құжатқа сәйкес аккредиттеуден өтуі қажет.

 

            Қосымша ақпарат: +7 708 839 84 73 Айзат

Дата публикации
19 апреля 2023
Дата обновления
19 апреля 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

22 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
22 октября 2026
Инфографикалар
21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы