
Нашақорлыққа қарсы акция барысында есірткі сату туралы мәліметтері бар жазуларды бояу
Іс-шараның өтетін күні мен уақыты: 2023 жыл 30 наурыз, сағат 16.00
Іс-шараның өтетін орны: Ықылас Дүкенұлы, 30
Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ нашақорлыққа қарсы «ESIRTKIGE JOL JOQ» жобасы аясында полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы,
Астана қаласының Прокуратурасы және Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты бірлесе отырып, студенттер мен қала жастары көп шоғырланған жерлерде есірткі сату туралы мәліметтері бар қабырғаларды бояу рейдтары жоспарланған.
Іс–шараның негізгі мақсаты - диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту, оның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастардың үлесін азайту және алдын алу шаралары.
Аталмыш іс-шараға Астана Қалалық есірткі саудасы департаментінің подполковнигі – Сергей Сергеевич Ильиных, Астана қаласының Прокуратурасы және «Астана жастары» ЖРО еріктілері қатысады.
Қосымша ақпарат: +7 708 839 84 73 Айзат