
Құрметті журналистер!
21 наурыз, 14: 00 ЭКСПО аумағы
Сіздерді Наурыз мейрамының көктемгі мерекесіне арналған халықтық мерекелер туралы барынша бөлісуге шақырамыз!
21-23 наурыз аралығында елордада "Наурыз базары" Шығыс жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында өтеді.
Еліміздің әр аумағынан келген өндірушілер ет және сүт өнімдерін, жеміс-жидектер мен көкөністерді, шығыс тәттілері мен аспаздық өнімдерін арнайы мерекелік бағамен ұсынатын болады.
Сонымен қатар, астана тұрғындары мен қонақтары ұлттық зергерлік бұйымдарды, былғары мен ағаштан жасалған өнімдерді, киімдерді, ыдыс-аяқ пен этно-стильдегі интерьерлік заттарды сатып ала алады.
Көрме орталығының сыртқы аумағында келушілерді қаламыздың ең үздік шығыс мейрамханалары әзірлеген шығыс тағамдарының фестивалі, наурыз көже, жаңа піскен шелпектер, самса және қазанда дайындалған палау күтеді!
Ал кішкентай қонақтарымызға арнап арнайы аниматорлар және асық ату, арқан тарту, садақ атуға арналған ойын алаңы ұйымдастырылады.
Жәрмеңке күн сайын жұмыс істейді:21 наурыз сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін, 22 және 23-ші күндері 09.00-ден 18.00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін
+7 778 229 05 49 (Марал) нөмірге хабарласуға болады