
«НҰР СЕБЕЛЕР,ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ» АТТЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ
Өтетін орны: «№86 мектеп-гимназиясы» Аманжол Бөлекпаев, 20
Өтетін уақыты: сағ. 15:00-16:00
Өткізілетін күні: 17 наурыз 2023 ж.
2023 жылдың 17 наурыз күні «№86 мектеп-гимназиясында» жыл басы – Наурыз» айын, жаңа жыл санауын қарсы алу, қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды оқушы ұғымына, тәрбиесіне сіңіру және оқушыларды ауызбіршілік пен татулыққа, өзара сыйластық пен сүйіспеншілікке, еңбексүйгіштік пен жақсы мінез-құлыққа баулу мақсатында «Нұр себелер, ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік концерт өтеді.
Мерекелік кеште қонақтар мектеп фойесіндегі оқушылардың қолынан шыққан қолөнер, қыш өнері, сурет өнер көрмесін тамашалай алады.
Сондай-ақ, қонақтар Наурыз мерекесіне орай құрылған «Ыбырай» ауылында «Сүйінші», «Шашу», «Қымыз мұрындық» атты салт- дәстүрлерді, «Абай» ауылындағы қазақтың құда түсу дәстүрін және «Шәкәрім» ауылында келін түсіру, «Ахмет» ауылында «Бесікке салу» сынды салт-дәстүрлерге куә болады. Ал, «Мұхтар» ауылы қонақ күту, бата қайыру рәсімдерін ұсынады.
Шараға Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы, елордалық білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналар мен қонақтар қатысады.
Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша байланыс үшін:
Маржан Бақыт
Тел: +7 702 823 67 24
e-mail: m.bakyt@astana.kz