
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңы 89-бабы 4-3-тармағының 3) тармақшасына, Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы № 7120-23-00-3/9900 қаулысына, Астана қаласы сотының 2023 жылғы 7 наурыздағы № 7199-23-00-3а/226 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, 1963 жылы туған, «Жыланбаев» ЖК директоры, Астана қаласында тұратын, Марат Төлегенұлы Жыланбаевты тіркеу туралы 2023 жылғы 7 ақпандағы № 55 шешімнің күші жойылғандығын хабарлайды.
Округтік сайлау комиссиясы