
2023 жылдың 2 наурызында Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі баршаңызды Қазақстандық журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер Майя Бекбаевамен кездесуге шақырады. Майя Төлегенқызы – Қазақстан тарихы туралы көптеген танымал бағдарламалар мен деректі фильмдердің авторы болып табылады.
Алдымыздағы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қала оқырмандары біздің кітапханамызда өздерінің сүйікті тележүргізушісіне көкейдегі сұрақтарын қоя алады.
Кездесуде біз қазақ әдебиетіндегі әйел образдары, қазіргі қоғамдағы әйел рөлі, сондай-ақ еліміздегі ғылымға, өнерге, саясатқа елеулі үлес қосқан атақты әйелдер туралы сөз қозғайтын боламыз.
Сонымен қатар іс-шара барысында «Мәншүк Мәметова: «Халық жауының қызы» атты деректі фильмінің тұсаукесері болады.
Мая Бекбаевамен кездесуден кейін қатысушылар «Әйел келбеті...» атты кітап көрмесімен таныса алады.
БАҚ өкілдерін шақырамыз. +7 701 327 3708 нөмірі бойынша аккредиттеу (Үстенбекова Шынар Мұратқызы)
Өтетін орны: Бөгенбай батыр даңғылы, 52 Орталық балалар-жасөспірімдер кітапханасы
Өткізілетін күні мен уақыты: 2 наурыз сағат 12.00