
«Алаштың жарық жұлдызы»
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, алаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай өтетін әдеби-танымдық кеш
Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
E-mail: sbs_sbs@mail.ru
Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» мекемесімен бірлесіп «Алаштың жарық жұлдызы» атты әдеби-танымдық кешін ұйымдастырып өткізеді.
Іс-шараның мақсаты қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, сыршыл да лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жастарды елжандылыққа, тілімізді құрметтеуге, Отанын сүюге, әдебиетке құштар болуға тәрбиелеу.
Әдеби танымдық кеш бағдарламасында:
- «Жүрек сөзінің жыршысы» . Ақын өлеңдері мен поэмаларынан үзінді
оқылады
- «Мағжан тілі – халықтың үні». Кешке келген зиялы қауым және өнер
майталмандарымен сыр-сұхбат.
- «Мен жастарға сенемін» атты тақырыпта кітапхана дайындаған
бейнебаян көрсетіледі
- Мағжан Жұмабаевтың өлеңіне жазылған әндер тыңдалады.
Қымбатты қала тұрғындары мен қонақтары, кешіміздің көрермені болыңыздар. Шараға кітапхана қаламгерлер, өнер тұлғалары, қонақтар мен оқырмандары қатысады.
Іс-шара: «Алаштың жарық жұлдызы» атты әдеби-танымдық кеш
Өтетін орны: №5 балалар кітапханасы
Өтетін күні: 22 ақпан 2023 жыл,сағат 15.00
БАҚ бөлімі: Устенбекова Ш. 8 (701) 327-37-08