Logo

Меню

Страницы

Статья

ПРЕСС РЕЛИЗ

ЖАСТАР ТЕАТРЫНДА ҮШ КҮН ҚАТАРЫНАН   ӘЛЕМДІК КЛАССИК ДРАМАТУРГ УИЛЬЯМ ШЕКСПИРДІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША СПЕКТАКЛЬДЕР САХНАЛАНБАҚ!

 

      Өнер кеңістігінде дара жолымен танылып, халықаралық, республикалық  театр фестивальдерінде топ жарған Жастар театры ақпан айының 24,25,26 күндері «Шекспирмен үш күн» атты әлемдік классик драматург Уильям Шекспир шығармалары бойынша спектакль күндерін өткізбек.

     24 ақпан«Ханзада (HAMLET)» трагедиясы

     25 ақпан« Ромео-Жульетта» трагедиясының премьерасы

     26 ақпан«Асауға тұсау» комедиясы өтеді.

Қоюшы режиссері -Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрқанат  Жақыпбай.

     Шекспир шығармаларын өз болмысымызға жақындатып,  ата-бабалардың адалдық пен махаббат жолындағы күресін ұлттық үлгіде көргіңіз келсе, өз халқымыздың алмағайып заманда басынан өткерген күйініш-сүйінішін әйгілі драматургтың тілі арқылы сахнадан сезінгіңіз келсе,  біз Сізді Жастар театрында күтеміз!

     Бұл жерде Сіз өзіңізге тым жақын болмысты жолықтырасыз...

     Бұл жерде Сіз тым таныс тұрмысты кездестіресіз...

     Бұл жерде Сіз  ұқсас мінезді де табарыңыз бек ақиқат!

     Құрметті БАҚ өкілдері! «Жастар театрының» өнеріне ақпараттық қолдау білдіріп, Шекспир шығармаларынбірге тамашалауға шақырамыз!

 

Өтетін  орны:          Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры»

БАҚ бөлімі:         + 77752144194,  +7775 511 91 73

 

Мекенжайы: Астана қаласы, І.Есенберлин көшесі 10.

«Жастар театры»

Дата публикации
19 февраля 2023
Дата обновления
19 февраля 2023
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Call орталықтар, онлайн сервистер
21 октября 2026
Сайлау учаскелерінің шекаралары
21 октября 2026
Партиялық тізімдер арқылы сайланатын Астана қаласының мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуға қажетті құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Facebook
Twitter

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы