«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2023 жылғы 17 ақпанда № 1 округтік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына мынадай кандидаттарды тіркеді:
- Қарабаев Әбдіқадыр Нағашбайұлы– 1969 жылы туған, «Үміт» оңалту орталығының нарколог дәрігері, Астана қаласында тұрады;
- Рахметов Құрманғазы Әбденұлы – 1965 жылы туған, «Нағыз желтоқсан» ҚҚ президенті, Астана қаласында тұрады;
- Көшкембаев Берік Жақсыбекұлы – 1975 жылы туған, Астана қаласының адвокаттар алқасы адвокаты, Астана қаласында тұрады;
- Авдеев Андрей Леонидович – 1975 жылы туған, «ҚазМедиа» орталығы» ЖШС АСБ инженері, Астана қаласында тұрады;
- Найманқұлова Әлия Ноябрьқызы – 1962 жылы туған, «Парасат», "Яблочко" ӨК төрайымы, «Білім» ҚҚ президенті, Астана қаласында тұрады.
- Мұқышев Азамат Сәрсембайұлы – 1983 жылы туған, «Trade Retail Group» ЖШС Астана қаласы бойынша аймақтық басшысы, Астана қаласында тұрады.
- Гойко Юлия Викторовна – 1984 жылы туған, «SDK Auto Group» ЖК жеке кәсіпкері, Астана қаласында тұрады.
№ 1 округтік сайлау комиссиясы